Мақалада жаратылыстану-математикалық бағыттағы Информатика пәнін жаңартылған мазмұн бойынша
оқыту әдістемесін талдау, өзекті мәселелерді шешу, оқушы дағдыларын қалыптастыруға бағытталған әдістәсілдер қарастырылады. Жаңартылған білім бағдарламасының мәні – баланың функционалды сауаттылығын
қалыптастыру. Қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болып отырған 10-11 сынып оқушыларының кәсіби
құзыреттілігі, өзін-өзі анықтауға арналған қалыптастыру және іс жүзінде кәсіби қызметінің бағытын саналы
түрде жетілдіруге қажетті ресурстармен қамтамасыз ету. Бүгінгі күнгі мектеп тәжірибесінде жаратылыстануматематикалық бағыттағы пәндерді бағдарлы сыныптарда оқыту бірқатар қиындықтармен қабаттаса өтіп келеді,
бұл әртүрлі бағдардағы оқушылардың оқу-танымдық ерекшеліктерінің ескерілмеуінен, оқу бағдарламаларының
ғылыми ақпарат ауқымының арттырылуына бағдарлануынан туындап отыр. Осыған сәйкес салыстырмалы
талдау жасап, информатиканы оқытуды бір ізге салу үшін оның ғылыми - теориялық негізін жасау өте маңызды
болып табылады. Нәтижесінде оқушы алған білімін өмірде пайдалана алуы керек деп есептейміз. Информатика
пәні бойынша оқытылатын тақырыптар оқушыға түсінікті, анық және нақты болған жағдайда ғана оқыту мен
оқудағы нәтижеге қол жеткізе аламыз.
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ –МАТЕМАТИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ЖАҢАРТЫЛҒА
Жарияланған June 2021
142
35
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Берікқызы, Р., Рахимжанова, Л. і Исабаева, Д. 2021. ЖАРАТЫЛЫСТАНУ –МАТЕМАТИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ЖАҢАРТЫЛҒА. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 69, 1 (Чер 2021), 291–295.