Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНЕ БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ МАТЕРИАЛДАРЫН ЖАСАУДА ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Жарияланған June 2024

55

53

С.М. Кеңесбаев+
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ,
Г.П. Мажибаева+
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ, Қазақстан
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ,
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ, Қазақстан
Аңдатпа

Қазіргі білім беруде цифрлық технологиялар бақылау-өлшеу материалдарын (БӨМ) құруда және басқаруда маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, болашақ информатика мұғалімдеріне арналған БӨМ әзірлеуде цифрлық технологияларды қолдану бағалау әдістерін түрлендіруге және болашақ мұғалімдерді тиімдірек оқытуға мүмкіндік береді. Бұл мақала бақылау-өлшеу материалдарын әзірлеу барысында цифрлық технологияларды қолданудың тиімділігін зерттеуге арналған.

Зерттеуге  Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 4 курс «Информатика»  білім беру бағдаламасы бойынша білім алып жатқан 22 студенттері мен осы институттың 26 профессор-оқытушылары қатысты. Авторлар   деректерді   жинау   құралы   ретінде Google   формада білім алушыларды даярлауда тиімді бағалау үшін қолданылатын әдістер мен құралдарды зерттеуге студенттер мен оқытушылардан сауалнамалар алынды. Сауалнама нәтижесі бойынша сандық талдау жүргізілді. Сауалнамада оқыту және оқу әдістері, білім мен дағдыны бағалау,  кері байланыс, техникалық ресурстар мен жабдықтар сияқты модульдері бойынша сұрақтар берілді.

Зерттеу нәтижесінде оқытушылар үшін цифрлық технологияларды оқу процесінде тиімді қолдануға үйрету қажеттілігін көрсетеді. Болашақ информатика пәні мұғалімдерін даярлауда цифрлық технологияларды пайдалану білім сапасының жоғарылауына әкеліп, заман талабына бейімделіп, студенттердің бойында қажет дағдылардың қалыптасуына ықпал етеді деген жалпы тұжырым қалыптасты.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Кеңесбаев, С. і Мажибаева, Г. 2024. БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНЕ БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ МАТЕРИАЛДАРЫН ЖАСАУДА ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 86, 2 (Чер 2024), 298–311. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.86.2.027.