Үкіметтік деңгейде қолға алынған әлеуметтік-экономикалық салалармен қатар мемлекеттік-жекеменшік
әріптестіктерде, компаниялар мен мекемелердің, ұйымдардың қызметтерінде интернет-технологияларға
айрықша мән берілуі блокчейндердің ірі инфрақұрылымға бірігуіне мүмкіндік беруде. Мұндай нәтижеге
пайдаланушылар тарапынан қолжетімділікті қамтамасыз ету, мәліметтер базасын сақтаудың ішкі алгоритмдерін
өзгерту арқылы жетуге болады. Блокчейн технологиясының басты ерекшелігі – ол жүйені орталықсыздандыруға
негізделген. Кез-келген қорғаныс құралдарын пайдалану жағдайында серверде орналасқан мәліметтер базасына
бұзып кіруге болатын болса, блокчейнде мұндай келеңсіздікке жол берілмейді.
Мақалада блокчейн технологиясы мен биткойн криптовалютасына түсініктеме беріледі және олардың жұмыс
ұстанымы қарастырылады. Олардың болашақтағы перспективалық бағыттары мен интернет арқылы жүргізілетін
қаржылық іс-әрекеттегі ауқымды ықпалы баяндалады. Сондай-ақ, криптовалюталар мен онда қолданылатын
технологиялар, алгоритмдер сипатталады.
БЛОКЧЕЙН ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН БИТКОЙН КРИПТОВАЛЮТАСЫ: ЖҰМЫС ҰСТАНЫМЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жарияланған June 2021
269
247
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Досжанов, Б. 2021. БЛОКЧЕЙН ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН БИТКОЙН КРИПТОВАЛЮТАСЫ: ЖҰМЫС ҰСТАНЫМЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 69, 1 (Чер 2021), 314–318.