Мақалада жаңартылған білім беру жүйесіне сәйкес төменгі басқыш оқушыларының физика пәнінен алған теориялық білімдерін күнделікті өмірде пайдалану жолдары-нақты мысалдар арқылы талқыланған.Оқушылар негізгі мектеп физика курсында өтілетін тақырыптарды жаңа мазмұнда теориялық және практикалық тұрғыдан жоғары деңгейде ұғынулары қажет. Атап айтқанда, болашақта физика мамандығын таңдаған оқушылар қазірден бастап Блум таксономиясы бойынша алған білімдерін практикада қолдана алуы міндетті болып табылады. Сондықтан, математика мен физика пәндерінің қолданбалы бағытына орта мектептерде ерекше көңіл бөлу керек. Ұсынылып отырған мақалада негізгі мектепте физикалық құбылыстарды күнделікті өмірде кездесетін мысалдар арқылы түсіндіріп, олардың шешу жолдары қарастырылған. Сондай-ақ, оқушы білімін бағалаудың жаңа формасы-жиынтық бағалаудың нәтижесі туралы баяндалады.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Кушербаева, М. 2021. ФИЗИКАЛЫҚ БІЛІМНІҢ ҚОЛДАНБАЛЫ БАҒЫТЫ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 69, 1 (Чер 2021), 236–241.