Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

РЕАКТИВТІ КҮШТЕРМЕН МОМЕНТТЕР БАР КЕЗДЕГІ АЙНЫМАЛЫ СЫҒЫЛУЫ БАР ҮШӨСТІ ДЕНЕНІҢ ІЛГЕРІЛМЕЛІ-АЙНАЛМАЛЫ ҚОЗҒАЛЫСЫ

Жарияланған June 2021

122

20

М.Ж. Минглибаев+
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қ
О.Б. Байсбаева+
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қ
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қ
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қ
Аңдатпа

Мақалада өлшемі мен массасы айнымалы, тұрақты динамикалық пішіні бар үшөсті дененің бейстационар ньютондық орталық тартылыс өрісіндегі ілгерілмелі-айналмалы қозғалысы қарастырылады. Бейстационар сфералық дененің центрінен басталатын салыстырмалы координата жүйесінде үшөсті бейстационар шардың ілгерілмелі-айналмалы қозғалысының дифференциалдық теңдеулері қорытылып шығарылды - зерттеліп отырған мәселенің математикалық моделі алынды. Бейстационар үшөсті дененің өзіндік координаттар жүйесінің өстері жасанды серіктің бас өстерімен бағыттас және эволюция барысында олардың салыстырмалы бағдарлары өзгеріссіз қалады деп ұйғарылды. Массасы мен өлшемі айнымалы үшөсті денемен өлшемі мен массасы айнымалы сфераның арасындағы ньютондық тартылысын сипаттайтын күштік функциясының аналитикалық өрнегі келтірілді. Реактивті күштер мен моменттер болған кездегі оскуляциялаушы элементтерде бейстационар үшөсті дененің ілгерілмелі-айналмалы қозғалыс теңдеулері алынды.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Минглибаев, М. і Байсбаева, .О. 2021. РЕАКТИВТІ КҮШТЕРМЕН МОМЕНТТЕР БАР КЕЗДЕГІ АЙНЫМАЛЫ СЫҒЫЛУЫ БАР ҮШӨСТІ ДЕНЕНІҢ ІЛГЕРІЛМЕЛІ-АЙНАЛМАЛЫ ҚОЗҒАЛЫСЫ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 69, 1 (Чер 2021), 241–246.