Қант диабеті әлі де шешуді қажет ететін өзекті жаһандық проблемалардың бірі болып табылады. Ал қант диабетін диагностикалау құралдарының бірі математикалық модельдеу әдістері болуы мүмкін. Бұл мақалада инсулиннің табиғи өндірісінің көлемін және ұйқы безінің глюкозаға сезімталдығын анықтау үшін глюкоза-С-пептидінің математикалық моделінің параметрлерін қалпына келтіру үшін кері есептерді шешу әдістері жүзеге асырылады. Жұмыста 4 кәдімгі дифференциалдық теңдеуден, 7 параметрден және бір уақыт бойынша өзгеретін параметрден тұратын кеңейтілген екі камералы математикалық модель қарастырылады. Уақыт бойынша өзгеретін параметр глюкозаның көктамыр ішіне енгізілген концентрациясын белгілейді. Параметрлер Левенберг-Марквардт әдісін қолданып кері есептерді шешу әдістерін және С-пептидінің динамикасы туралы қосымша ақпаратты қолдану арқылы анықталды. Деректерде 10% шу бар жағдай да қарастырылып, нәтижелер салыстырылды.
ДИНАМИКАЛЫҚ ПАРАМЕТРМЕН ФАРМАКОКИНЕТИЛЫҚ КЕРІ ЕСЕПТІН ШЕШУІ
Жарияланған June 2024
105
81
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Бектемесов, Ж. і Бектемесов, М. 2024. ДИНАМИКАЛЫҚ ПАРАМЕТРМЕН ФАРМАКОКИНЕТИЛЫҚ КЕРІ ЕСЕПТІН ШЕШУІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 86, 2 (Чер 2024), 25–33. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.86.2.002.