Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

МАССАСЫ МЕН ӨЛШЕМІ АЙНЫМАЛЫ ӨСТІК СИММЕТРИЯЛЫ ДЕНЕНІҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ТЕҢДЕУЛЕРІН ЗЕРТТЕУ

Жарияланған June 2021

71

0

105

М.Дж. Минглибаев+
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қ
С.Б. Бижанова+
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қ
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қ
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қ
Аңдатпа

Мақалада өзара гравитацияланушы бейстационар екi дене қарастырылады: бiрiншi дене – «центрлiк», яғни тығыздығы сфера бойынша үлестiрiлген шар, екiншi дене – «серiк», яғни динамикалық құрылымы және пiшiнi өстiк симметриялы. Ньютонның өзара әсерлесу күшi екiншi гармониканы ескергендегi күштiк функцияның жуық өрнегiмен сипатталған. Массасы және өлшемі айнымалы өстік симметриялы дененің ілгерілемелі-айналмалы қозғалысының дифференциалдық теңдеулері салыстырмалы координаталар жүйесінде қорытылып шығарылды. Бейстационар екі дене үшін меншікті координаталар жүйесінің өстері дененің бас инерция өстерімен сәйкес келеді және бұл күй эволюция барысында өзгеріссіз қалады. Денелердiң массалары әртүрлi қарқында изотропты өзгередi. Есепте ұйытқу теориясының тәсілдері пайдаланылған. Оскуляциялаушы Делоне-Андуайе элементтерінің аналогтарында серiктiң ғасырлық ұйытқушы iлгерiлемелi-айналмалы қозғалысының теңдеулерi алынған. Сандық тәсілмен ұйытқыған қозғалыстың дифференциалдық теңдеулерінің шешімдері алынып, графиктері Wolfram Mathematica пакетін қолдана отырып тұрғызылды.

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Минглибаев, М. і Бижанова, С. 2021. МАССАСЫ МЕН ӨЛШЕМІ АЙНЫМАЛЫ ӨСТІК СИММЕТРИЯЛЫ ДЕНЕНІҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ТЕҢДЕУЛЕРІН ЗЕРТТЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 69, 1 (Чер 2021), 247–252.