Мақалада болашақ физика мұғалімдерін дайындау кезінде практикалық-бағдарлы тәсілдің қажеттілігі туралы мәселе қарастырылады. Оқытудың практикалық-бағдарлы тәсілдерінің әр түрлі түсіндірмелері талқыланды. Болашақ педагогтарды дайындау тәжірибесінде оны жүзеге асыру ерекшеліктері. Болашақ мұғалімдерстуденттердің зерттеу іскерліктерін қалыптастырудағы практикалық-бағытталған тәсілді жүзеге асырудың рөлі қарастырылды. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен білім беруді цифрландыру жағдайында зерттеу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Студенттер үшін жалпыланған және маңызды зерттеу біліктерін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған қызмет түрлерінің әртүрлілігі үшін қызықты материалдарды қамтитын, протонның кулондық өрісіндегі электронның қозағысы тақырыбы талданды. Атом, атом ядросы және қатты дене физикасы пәні бойынша практикалық сабақтарда студенттердің іс-әрекетін қалыптастыру шарттарының бір нұсқасы ұсынылды. Зерттеу іскерліктері мен дағдылары оқу іс-әрекеті субъектісінің танымдық белсенділігі процесінде ғана қалыптасуы мүмкін екені анықталды.
ТӘЖІРИБЕЛІК БАҒДАРЛАНҒАН ТӘСІЛ КОНТЕКСТІНДЕГІ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУ ІСКЕРЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жарияланған June 2021
141
119
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Молдабекова, М. і Битибаева, Ж. 2021. ТӘЖІРИБЕЛІК БАҒДАРЛАНҒАН ТӘСІЛ КОНТЕКСТІНДЕГІ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУ ІСКЕРЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 69, 1 (Чер 2021), 253–258.