Бұл зерттеуде біз ғимараттың бір параметрлі моделіне жақын жерде газ ағынының динамикасын модельдедік. Газдың таралу процесін зерттеу үшін әртүрлі биіктіктегі кедергілердің бірнеше түрлері қолданылды. Этилен - С2Н4 индикаторлы газ ретінде таңдалды. Модельдеу нәтижелерін белгілі авторлардың тәжірибелік нәтижелерімен салыстыру арқылы сандық модельдеу уақыт бойынша орташа есептелген Навье-Стокс (RANS) теңдеулерінің, Буссинеска жуықтауымен жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша RANS моделін k-e Realizable (RLZ), k-w SST (SST), DES k-e (DES) турбуленттік модельдерімен бірге қолдану сәл ауытқулармен іс жүзінде салыстырмалы нәтижелер берді, бұл мүмкін болатын турбуленттіліктің кез-келген моделін таңдауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, тосқауылдың биіктігінің өсуімен құрылым мен кедергі арасындағы аймақта ұстап қалу қасиеттерінің жоғарылағаны байқалды. Жалпы алғанда, сандық нәтижелер эксперименттік шамаларға сәйкес келеді, бұл пайдаланылған математикалық және сандық модельдердің дұрыстығын растайды. Болашақта бұл зерттеулер қалалық каньондағы ластаушы заттар таралуының перпендикуляр ағындарының әсерін неғұрлым егжей-тегжейлі зерттеу үшін қолданыла алады.
ТҰРҒЫН ҮЙ АУМАҒЫНДАҒЫ ЛАСТАУШЫ ЗАТТАРДЫҢ ТАРАЛУЫНЫҢ САНДЫҚ МОДЕЛДЕУІ
Жарияланған June 2021
146
124
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Исахов, А. , Бекжігітова, Ж. і Омарова, П. 2021. ТҰРҒЫН ҮЙ АУМАҒЫНДАҒЫ ЛАСТАУШЫ ЗАТТАРДЫҢ ТАРАЛУЫНЫҢ САНДЫҚ МОДЕЛДЕУІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 69, 1 (Чер 2021), 84–92.