Мектеп оқушыларының математикалық білімін логикалық есептерді шығару арқылы қалыптастыру қазіргі заманның бірден бір сұранысы. Логикалық есептерді шығаруда жаттанды формулаларды пайдаланбай, есептердің берілген шартына тереңінен үніліп талдау жүргізу арқылы есептерді шығару оқушылардың ойлау қабілетінің артуына көмектеседі. Бұл мақаладағы есептер Қазақстан Республикасының кейбір облыс және қалаларының аймақтық ерекшеліктеріне негізделіп құрастырылған. Құрастырылған есептер жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбының білім мазмұнына сай болып табылады. Мәтінді есептің математикалық моделін санның бөлігін табу, бөлігі бойынша санды табу, Эйлер-Венн диаграммасы, пропорция, жолды, жылдамдықты есептеу, схема құру арқылы оқушы есеп шығаруға дағдыланады. Есептер өз жерінің табиғаты туралы болғандықтан, оқушылардың қызығушылығын оятып, өз елінің патриоты болуына ықпал жасайды.
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕ ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУГЕ БАУЛУ
Жарияланған June 2021
178
175
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Искакова, М. і Оразбаева, А. 2021. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕ ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУГЕ БАУЛУ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 69, 1 (Чер 2021), 92–97.