Бұл мақала ядролық кластер физикасын дамыту үшін, ядролық физиканың мүмкіндіктерін ұсынады. Бірнеше нуклондардың топтары құрамдас кластерлер ретінде әрекет ететін еркіндік дәрежелері ядролық құрылымның негізгі аспектілерінің бірі, сол себепті де кластерлеудің негізі гелий ядролары (α-бөлшектер) екені ескерілген. Бұл мақалада жаңа кванттық орталардың іргелі компоненттері ретінде кластерлік бірігулердің және жинақталмаған ядролардың әртүрлі типтерін зерттеу мәселесі қарастырылған. Кейбір кластерлі ядролардың толық синтез әсерінен α-бөлшектерді беру реакцияларының эксперимент нәтижелері ұсыныла отырып, сол реакциялардың формуласы көрсетілген. Атап айтқанда, осы жұмыста «кластерлі ядро моделі»- деп аталатын моделіне үлкен көңіл бөлінеді, ол ядролардың қоздырылған күйлерін сипаттайды, яғни гелий ядролары. Бұл жұмыстың ең маңызды мақсаттарының бірі – басқа мақалалардың авторларына сүйеніп, альфа-бөлшектерді беру реакцияларын зерттеу жұмыстарындағы автордың қол жетімді деректерін мұқият өңдеу, және оларды ядролардың кластерлік модельдерін бүгінгі жаңа модельдермен салыстыру, жаңа үлгілерді анықтау, оларды түсіндіру. Мақала авторы журнал мақалаларында және «жеке байланыс» түрінде әр түрлі көздерден эксперименттік деректер алды. Мақалалық жұмыстың тиісті жерлерінде дереккөздерге сілтеме бар.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Сайлаубеков , Е. і Морзабаев , А. 2021. АЛЬФА-БӨЛШЕКТЕРДІ БЕРУ РЕАКЦИЯЛАРЫН ЗЕРТТЕУ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 69, 1 (Чер 2021), 264–268.