Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ПЕРСОНАЛДЫ ІРІКТЕУДЕ SWARA ЖӘНЕ DNMA ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ

Жарияланған March 2025

4

Г.Н. Казбекова+
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан
Н.М. Жунисов+
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан
А.Н. Аманов+
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан
А.А. Абибуллаева+
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан
А.Б. Абен+

Аңдатпа

Персоналды іріктеу- сапалық және сандық факторларды қамтитын, көп критерийлі шешім қабылдау мәселесі болып табылады. Әртүрлі салаларда ұсынылған көптеген әдістерге қарамастан, белгісіздік жағдайларын толық ескеретін сенімді әдіс әлі де қажет. Бұл зерттеу критерийлердің маңыздылығын анықтау үшін кезеңмен SWARA және DNMA әдістерін біріктірген кешенді тәсілі ұсынылады. Алдымен SWARA әдісі арқылы критерийлердің маңыздылығы анықталып, кейін DNMA әдісі қолданылып, персоналдар реттік бағалау негізінде сұрыпталады.

Зерттеудің мақсаты — қатысушы бағдарламалық қамтамасыз ету саласында жұмыс істейтін компаниядағы бос орынға бес үміткердің ішінен ең қолайлысын таңдау. Критерийлердің салмағы шешім қабылдаушы тарапынан SWARA әдісімен анықталды, ал негізгі бес критерий ретінде компьютерлік және бағдарламалық дағдылар, жұмыс өтілі, топтық жұмысқа бейімділік, шет тілін білу және мәселелерді шешу қабілеті қабылданды. Үміткерлердің нәтижелерін бағалау үшін DNMA әдісі қолданылды және бір үміткердің бос орынға ең лайықты екендігі анықталды.

Әдебиеттердегі ұқсас зерттеулермен салыстырғанда, көптеген көп критерийлі шешім қабылдау әдістері қолданылғанымен, SWARA мен DNMA әдістерінің үйлесімі жаңалық болып табылатыны анықталды. Бұл зерттеу осы әдістердің персоналды іріктеуде тиімді қолданылуын көрсетіп, шешім қабылдау процестері жөніндегі әдебиетке жаңа тәсіл енгізеді.

Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Казбекова G., Жунисов N., Аманов A., Абибуллаева A. і Абен A. 2025. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ПЕРСОНАЛДЫ ІРІКТЕУДЕ SWARA ЖӘНЕ DNMA ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 89, 1 (Бер 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2025.89.1.017.