Перейти до головного Перейти в головне навігаційне меню Перейти на нижній колонтитул сайту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ ЖАЙ БӨЛШЕКТЕРДІ ОҚЫТУ ТУРАЛЫ

Жарияланған September 2025

6

5

Г. Абиқызы+
SDU University
Б. Сыдыхов+
SDU University
SDU University
SDU University
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Б. Сыдыхов

педагогика ғылымдарының докторы, доцент

Аңдатпа

Бұл мақалада негізгі мектепте оқушыларға жай бөлшектерді оқыту бойынша мектеп бағдарламалары мен оқу құралдарына талдау жүргізіледі. Жай бөлшектер – математика пәнін одан әрі үйренуге негіз болатын маңызды тақырып, алайда оны игеру оқушыларға жиі қиындық тудырады. Мақалада сандық осьті пайдалану және әртүрлі оқу материалдарында, соның ішінде нормативтік құжаттар мен мұғалімдер мен оқушыларға арналған қосымша әдебиеттерде бөлшектердің берілу ерекшеліктері қарастырылады. Бөлшек ұғымын, бірлік кесіндіні енгізу әдістеріне және олардың сандық осьте бейнеленуіне ерекше назар аударылады. Оқушылардың осы тақырыпты игеру кезінде кездесетін негізгі қиындықтар, сондай-ақ қолданыстағы оқулықтарда материалдың берілу ерекшеліктері анықталды. Мақалада сондай-ақ цифрландыру жағдайында жай бөлшектерді оқытудың теориялық ерекшеліктері және оның негізгі мектепте игерудің сапасын арттырудағы рөлі қарастырылады. Қорытындыда цифрлық құралдарды қолдану арқылы сандық осьте жай бөлшектерді оқыту әдістемесін жетілдіруге арналған ұсыныстар беріліп, ол оқушылардың математикалық ойлауын дамытуға ықпал етеді.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Як цитувати

[1]
Абиқызы, Г. і Сыдыхов, Б. 2025. БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ ЖАЙ БӨЛШЕКТЕРДІ ОҚЫТУ ТУРАЛЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 91, 3 (Вер 2025), 91–100. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2025.91.3.008.