Бұл мақала цифрлық егіздер технологиясын қолдану кезінде туындайтын ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін талдау және басқаруға арналған платформа әзірлеуге бағытталған. Зерттеу цифрлық егіздердің 4.0 Индустриясы шеңберіндегі рөлі мен маңызын, әсіресе өндіріс, энергетика, ақылды қалалар және киберфизикалық жүйелер салаларында қарастырады. Ақпараттық қауіпсіздікке қатысты тәуекелдер мен олардың себептері анықталып, оларды азайту жолдары ұсынылады. Прогностикалық талдау, жасанды интеллект, адаптивті қауіпсіздік жүйелері, криптографиялық технологиялар және блокчейн сияқты жаңашыл әдістер талқыланып, олар цифрлық егіздер платформаларының қауіпсіздігін арттыруға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл әдістер цифрлық егіздер жүйелерінің сенімділігін арттыру үшін маңызды құралдар, ал оларды интеграциялау платформалардың жұмысын тиімді әрі қауіпсіз етуге ықпал етеді. Осының нәтижесінде, цифрлық егіздер жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы оларды басқарудың тиімділігін арттыру, бизнес процестерді оңтайландыру және жаңа мүмкіндіктер ашу мақсатында қолданылады. Сонымен қатар, осы әдістер ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сай болуын және цифрлық егіздер платформаларының ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
А АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ҮШІН ПЛАТФОРМА ҚҰРУ
Жарияланған March 2025
6
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Aдилжанова С., Абдулкаримова , Г., Гусманова , Ф. і Жубанышева, Г. 2025. А АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ҮШІН ПЛАТФОРМА ҚҰРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 89, 1 (Бер 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2025.89.1.012.