Бұл зерттеу Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында «Атом физикасы» курсын оқыту мазмұны мен құрылымын талдауға бағытталды. Университеттердің оқу жоспарлары мен ресми құжаттары негізінде жүргізілген мазмұндық, статистикалық, факторлық және салыстырмалы талдау нәтижелері курстың әртүрлі университеттерде оқытылуында айтарлықтай айырмашылықтар бар екенін көрсетті. Атап айтқанда, кредит саны, семестрлік жүктеме, лекциялық, практикалық және зертханалық сабақтардың арақатынасы, сондай-ақ оқытушылардың біліктілігі мен академиялық мүмкіндіктер деңгейінде өзгешеліктер байқалды. 93 студент қамтылған сауалнама нәтижелері бойынша курстың құрылымдық тиімділігі, материалдық-техникалық база, оқытушылардың әдістемелік құзыреттілігі және қаржылық қолжетімділік факторлары оң бағаланды (орташа мәндер 4,2–4,4 аралығында, Кронбах альфа коэффициенті 0,906–0,944). Бұл мәліметтер студенттердің оқу бағдарламасын жалпы жағынан қолдайтынын көрсетсе де, оқу процесін жетілдіру қажеттілігін айқындайды. Эксперименттік бөлімде STEM тәсілін қолдану курстың мазмұнын практикамен байланыстырудың тиімді құралы ретінде қарастырылды. STEM әдістерін енгізу – студенттердің пәнді терең түсінуін, зерттеушілік және жобалық қабілеттерін дамытуды, инженерлік ойлау мен цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын жетілдіруді қамтамасыз ететіні анықталды. Қорытындысында, «Атом физикасы» курсын STEM интеграциясы негізінде жаңғырту болашақ физика мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, ұлттық білім беру сапасын жақсартуға және білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге ықпал ететіні дәлелденді.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНДА STEM ЭЛЕМЕНТТЕРІН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ ТӘЖІРИБЕСІ
Жарияланған September 2025
18
8
Аңдатпа
Тіл
Русский
Як цитувати
[1]
Уәлихан, А., Скаков, М., Раманкулов, Ш. і Чорух, А. 2025. БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНДА STEM ЭЛЕМЕНТТЕРІН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ ТӘЖІРИБЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 91, 3 (Вер 2025), 319–334. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2025.91.3.029.
https://orcid.org/0009-0007-8829-5315