STEM (Ғылым, Технология, Инженерия және Математика) білімін күн энергиясы бойынша оқу бағдарламаларына интеграциялау студенттердің Күн энергиясы технологиялары бойынша өзара әрекеттесуі мен түсінігін арттырудың негізгі стратегиясы ретінде қарастырсақ болады. Бұл тәсіл сыни тұрғыдан ойлау мен проблемаларды шешу дағдыларын дамытып қана қоймайды, сонымен қатар студенттерді тұрақты энергетика саласындағы болашақ мансапқа дайындайды. Бұл зерттеудің мақсаты Күн энергетикасын оқытуда STEM әдістерін енгізу тиімділігін анықтау болып табылады. Күн энергиясындағы STEM білімінің тиімділігін әртүрлі өлшемдер бойынша бағалауға болады, атап айтсақ оқу бағдарламаларын әзірлеу, педагогикалық стратегиялар және экологиялық сананы дамыту. Зерттеу аясында осы тақырып төңірегіндегі ғылыми еңбектерге, баламалы энергия көздеріне негізделген STEM жобаларға талдау жасалды. Физика білім беру бағдарламасындағы «Баламалы энергия көздері» курсын оқытуда педагогикалық эксперимент ұйымдастырылды. Педагогикалық экспериментке 51 білім алушы қатысты. Оқу барысына «Күн энергиясын электр энергиясына түрлендіргіштердің физикалық сипаттамаларын зерттеуге арналған оқу-ғылыми стенді», нәтижелерді алу үшін Vernier датчиктері және Vernier Graphical Analysis бағдарламасы қолданылып, Күн панелінің өнімділігі мен жарықтылық арасындағы байланыс зерттелді. Сандық деректер STEM өнімдерін қолдану жиілігі мен осы пәннің емтихан бағаларының арасындағы байланысты бақылап, JASP бағдарламасы көмегімен математикалық-статистикалық талдау жасалды. Пирсон корреляциясынның мәні r=0,575, яғни оң корреляция, және p<0,001 Корреляция статистикалық тұрғыдан маңызды екенін көрсетеді. Сызықты регрессиялық талдау мәні R² = 0.331, яғни STEM өнімдерін қолдану емтихан бағасының өзгерісінің шамамен 33%-ын түсіндіреді. Зерттеу нәтижесінде Күн энергетикасына бағытталған STEM өнімдерді білім беруде қолдану студенттердің білім деңгейлеріне оң әсер ететіне көз жеткіздік. Зерттеу нәтижелері STEM тәсілдерін Күн энергетикасы бойынша білім беру бағдарламаларына енгізудің маңыздылығын айқындады. Бұл оқыту әдістері жаңартылатын энергия саласында жоғары білікті мамандар даярлауға көмектеседі. Осы зерттеу білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдануға негіз бола алады.
КҮН ЭНЕРГЕТИКАСЫН ОҚУДАҒЫ STEM БІЛІМ БЕРУДІҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҮЛГЕРІМІНЕ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ
Жарияланған June 2025
37
32
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Як цитувати
[1]
Раманкулов, Ш., Жақсылық, Н. і Курбанбеков, Б. 2025. КҮН ЭНЕРГЕТИКАСЫН ОҚУДАҒЫ STEM БІЛІМ БЕРУДІҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҮЛГЕРІМІНЕ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 90, 2 (Чер 2025), 305–318. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2025.90.2.027.
https://orcid.org/0000-0002-4786-942X