Мақалада зиянды қоспалардың атмосферада таралуы процессін математикалық тұрғыда моделдеу үшін тасымал және диффузия теңдеуі қарастырылады. Тасымал және диффузия теңдеуі үшін айқын айырымдылық сұлбасы келтіріліп және PINN физикалық заңдылықтарға негізделген нейронды желісінің архитектурасы, жұмыс істеу принципі мен оны тасымалдау және диффузия теңдеуіне қолданысы зерттелді. Практикалық зерттеу барысында желдің әртүрлі жағдайдағы бағытын зерттеліп, олардың зиянды қоспалардың таралуына беретін әртүрлі әсері талқыланды. Өскемен қаласында байқалған солтүстік-батыс және солтүсті-шығыс желдеріне сәйкес ластаушы заттардың қала аймағында таралу динамикасы көрсетілді. Зерттеу нәтижесінде есептің сандық шешімдерінің графиктері көрсетіліп, желдің бағыты мен жылдамдығы зиянды заттардың атмосферада таралуына тікелей беретін әсеріне көз жеткізіп, атмосферада зиянды қоспаларың таралу заңдылықтары анықталды.
АТМОСФЕРАДАҒЫ ЗИЯНДЫ ҚОСПАЛАРДЫҢ ТАРАЛУЫ ҮДЕРІСІН САНДЫҚ МОДЕЛДЕУ
Жарияланған September 2025
5
4
Аңдатпа
Тіл
Русский
Як цитувати
[1]
Касенов, С., Тұрлыбек, Ж., Тлеулесова, А., Кабулова, А. і Темирбеков, А. 2025. АТМОСФЕРАДАҒЫ ЗИЯНДЫ ҚОСПАЛАРДЫҢ ТАРАЛУЫ ҮДЕРІСІН САНДЫҚ МОДЕЛДЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 91, 3 (Вер 2025), 43–52. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2025.91.3.004.
https://orcid.org/0000-0002-0097-1873