Мақалада жоғары оқу орындарында математикалық пәндерді оқытудағы педагогикалық инновацияларда оқытушылардың негізгі құралдарының біріне айналған smart-технологияларды қолдану қарастырылады. Осы мақаланың негізгі мақсаты университетте математиканы оқытуда оқу материалын қабылдауға smart-технологиялардың әсерін анықтау. Осы мақсатта оқу процесіне интерактивті, мультимедиялық және ақылды технологияларды енгізудің артықшылықтары талданды. Әдеби шолуда интерактивті тақталар, мобильді қосымшалар, онлайн тренажерлер және виртуалды зертханалар сияқты smart технологияларын қолдану мысалдары сипатталған. Бұл технологиялар студенттердің мотивациясы мен белсенділігін арттыруға, сондай-ақ олардың математикалық пәндер бойынша үлгерімін жақсартуға қалай ықпал ететіні көрсетілген. SMART-технологиялардың математикалық пәндер бойынша оқу материалын қабылдауға әсерін анықтау үшін сауалнама әзірленді. Сауалнамаға 80 студент жауап жазды. Зерттеу деректерін өңдеу және талдау R бағдарламалау ортасында жүргізілді. Алынған нәтижелер Moodle, Canvas онлайн платформалары және басқа технологиялармен оқытушының математиканы оқыту процесінде смарт технологияларды пайдалануы арасындағы айтарлықтай айырмашылықтарды көрсетті. Интерактивті смарт тақталарды, онлайн ресурстарды және білім беру платформаларын пайдалану басқа технологиялардан тиімді пайдаланудың ең жоғары деңгейімен ерекшеленді. Сабаққа дайындықтағы смарт технологияның рөлі ретінде студенттер өз презентациясын оқуды жеңілдететін, проблемалар мен математикалық ұғымдарды визуализациялауға көмектесетін визуализациямен байланыстырады.
SMART- ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ
Жарияланған September 2025
4
5
Аңдатпа
Тіл
Русский
Як цитувати
[1]
Тенгаева, А., Анафина, А. і Овсянников, И. 2025. SMART- ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 91, 3 (Вер 2025), 150–163. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2025.91.3.013.