Бұл жұмыста дыбыс толқындарын модельдеу есептерінде өзекті болып табылатын бірөлшемді акустика теңдеулері үшін жалғастыру есебін шешудің сандық әдістері қарастырылады. Негізгі назар градиенттік әдісті кері есептерді шешуде қолдануға аударылған, бұл акустикалық өріс параметрлерін шектеулі деректер жиынтығы бойынша тиімді қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Нысаналы функционалды, оның градиентін есептеуді және итерациялық әдістер арқылы минимизациялауды қамтитын алгоритм әзірленді. Шу деңгейінің шешімдердің дәлдігі мен орнықтылығына әсері талданды. Сандық эксперименттер ұсынылған әдістің айтарлықтай шу бұрмалауларында да параметрлерді жоғары дәлдікпен қалпына келтіруге мүмкіндік беретінін көрсетті. Есептеу шығындарын талдау ұсынылған тәсілдің тиімділігін растады. Алынған нәтижелер медициналық диагностикада (ультрадыбыстық томография), геофизикада (сейсмикалық барлау), техникалық диагностикада және қоршаған ортаны мониторингте қолдануға практикалық маңызға ие.
БІРӨЛШЕМДІ АКУСТИКА ТЕҢДЕУЛЕРІ ҮШІН ЖАЛҒАСТЫРУ ЕСЕБІНІҢ САНДЫҚ ШЕШІМІ
Жарияланған June 2025
42
21
Аңдатпа
Тіл
Русский
Як цитувати
[1]
Касенов, С., Тлеулесова, А., Саменов, Е. і Султанов , Р. 2025. БІРӨЛШЕМДІ АКУСТИКА ТЕҢДЕУЛЕРІ ҮШІН ЖАЛҒАСТЫРУ ЕСЕБІНІҢ САНДЫҚ ШЕШІМІ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 90, 2 (Чер 2025), 61–71. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2025.90.2.005.
https://orcid.org/0000-0002-0097-1873