Қазіргі замануи білім берудің үш тағандық міндеті: оқыту, тәрбиелеу және дамыту болып табылады. Мұғалім өзінің кәсіби іс-әрекетінде осы үдерістердің ажырамай жүзеге асырылуына, олардың гармониялық тұрғыда үйлесуіне кепіл болады және білім беру үдерісінің тиімділігін қамтамасыз етуге бейім болады. Жалпы орта білім берудегі құзыреттілік ыңғай білім беру саласындағы әлеуметтік үміттерге және білім беру процесіне қатысушылардың мүдделеріне объективті сәйкес келеді. Құзыреттілік ыңғай - бұл білім беру нәтижелерін назарға алатын тәсіл, сондықтан білім беру нәтижесі ретінде игерілген ақпараттың жиынтығы емес, түрлі проблемалық жағдайларда оқушылардың әрекет ету қабілеті қарастырылады. Сондықтан орта білім беру жүйесінде робототехника негіздері бойынша ұсынылатын тапсырмалар жинағы мұғалімдерге білім беру мақсаттарына жету үшін қажетті әдістемелік құралдар ретінде қолданылады.
ОҚУШЫЛАРҒА РОБОТОТЕХНИКА НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жарияланған June 2021
141
106
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Сыдыхов, Б. , Қойшыман, Г. і Батырхан, З. 2021. ОҚУШЫЛАРҒА РОБОТОТЕХНИКА НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 69, 1 (Чер 2021), 426–430.