Мақалада робототехника элементтерін қолдану арқылы физика курсының зертханалық жұмыстарын жетілдіру мәселесі қарастырылған. Заманауи білім беру жүйесінде робототехниканың мүмкіндіктері білім алушылардың физикалық құбылыстарды түсінуін жеңілдетіп, олардың танымдық белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға, техникалық білімдерін арттыруға бағытталған. Зерттеу жұмысы барысында робототехника элементтерін оқыту процесіне енгізудің теориялық және практикалық аспектілері талданған. Робототехника негізінде жасалған зертханалық жұмыстар және робототехниканың көмегімен физикалық заңдарды нақты модельдер арқылы түсіндіру оқушылардың теориялық білімдерін практикамен байланыстыруына, олардың ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыруға және STEАM бағытындағы дағдыларды дамытуға ықпал ететіндігін сауалнама нәтижелері арқылы дәлелденген. STEAM тәсіл шеңберінде физика және информатика бойынша зертханалық жұмыстарға робототехниканы интеграциялау интерактивтілікті, пәнаралық және цифрлық технологияларды тәжірибеге бағдарланған игеруді қамтамасыз ете отырып, білім беруді ақпараттандыруды күшейтеді.
А РОБОТОТЕХНИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ НЕГІЗІНДЕ ФИЗИКА КУРСЫНЫҢ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖЕТІЛДІРУ
Жарияланған June 2025
45
32
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Як цитувати
[1]
Тыныш, К., Рыстыгулова, В., Сыдыкова, Ж., Жусипбекова, Ш. і Төленова, Г. 2025. А РОБОТОТЕХНИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ НЕГІЗІНДЕ ФИЗИКА КУРСЫНЫҢ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖЕТІЛДІРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 90, 2 (Чер 2025), 341–350. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2025.90.2.030.
https://orcid.org/0009-0007-0234-8077