Мақалада кілттерді басқару мен сандық қолтаңбаның бар мәселелерін талдау нәтижелері берілген, сонымен қатар модификацияланған Шнорр схемасының алгоритмі әзірленіп, сипатталған. Криптографиялық жүйелерде кілттерді басқарудың және сандық қолтаңбаның дәстүрлі емес алгоритмдерін жасауда криптографиялық процедуралардың сенімділігі мен тиімділігін арттыруға позициялық емес полиномды санау жүйесін қолдану айтарлықтай мүмкіндік беретінін дәлелдей отырып PGP тәріздес жүйесін құру ұсынылған. Бұл жүйеде кілттердің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде кілт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, сенім рөлін барынша азайтатын, кілттерді басқару жұмысын автоматтандыратын шешім қажет. Осы мақсатта криптографиялық алгоритмдерді қолдану ғана емес, сонымен қатар шифрлау кілттерін тиімді басқару маңызды болып табылады. Теориялық маңыздылығы схеманың тұрақтылығын негіздеуде, ал практикалық маңыздылығы тиімді және масштабталатын криптографиялық жүйелерді құру үшін қолдану мүмкіндігінде жатыр, сондай ақ кванттық шабуылдарға қарсы қорғанысты күшейту мақсатында ұсынылған тәсілдің әлеуетін көрсетеді.
КРИПТОГРАФИЯЛЫҚ КІЛТТЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ЖӘНЕ САНДЫҚ ҚОЛТАҢБАНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЗАМАНУИ ТӘСІЛДЕРІ БОЙЫНША МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жарияланған September 2025
7
5
Аңдатпа
Тіл
Русский
Як цитувати
[1]
Капалова, Н. і Абишева, А. 2025. КРИПТОГРАФИЯЛЫҚ КІЛТТЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ЖӘНЕ САНДЫҚ ҚОЛТАҢБАНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЗАМАНУИ ТӘСІЛДЕРІ БОЙЫНША МӘСЕЛЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 91, 3 (Вер 2025), 213–220. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2025.91.3.019.
https://orcid.org/0000-0001-9743-9981