Перейти до головного Перейти в головне навігаційне меню Перейти на нижній колонтитул сайту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ИЕРАРХИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАР НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ МОДЕЛІ

Жарияланған September 2025

3

6

Б.Б. Қалданов+
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
https://orcid.org/0009-0004-5205-9124
Е.Ы. Бидайбеков+
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
https://orcid.org/0000-0001-7746-9809
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Б.Б. Қалданов

Қазақша нұсқасы:

Қалданов Бағлан Бақытбайұлы 1994 жылы Семей қаласында дүниеге келген. 2000–2011 жылдары Семей қаласындағы №41 жалпы білім беретін мектепте оқыды. 2011–2015 жылдары Алматы энергетика және байланыс университетінде (АУЭС) «Информатика» мамандығы бойынша білім алып, информатика бакалавры академиялық дәрежесін иеленді. 2020–2022 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде (ОҚМПУ) «Информатика» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдады. IELTS халықаралық емтиханынан 6.0 балл нәтижесі бар. Қазіргі уақытта Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде оқытушы қызметін атқарады.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Е.Ы. Бидайбеков

Есен Ықыласұлы Бидайбеков – физика-математика ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстандағы информатика пәнін оқыту әдістемесінің негізін қалаушылардың бірі. Ол Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасында ұзақ жылдар бойы кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарып, қазіргі кезде осы кафедрада профессор-зерттеуші ретінде ғылыми және педагогикалық жұмыстармен айналысады.

Аңдатпа

Бұл мақалада білім беруді цифрландыру бастауыш сынып оқушыларына арналған информатика курсының мазмұнын ұйымдастыруда жүйелі көзқарасты талап ететіні көрсетіледі. Осы тұрғыда педагогикалық тұрғыдан негізделген, электрондық иерархиялық құрылымдарға негізделген оқыту моделін құру – өзекті міндеттердің бірі болып отыр. Зерттеу мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының когнитивтік ерекшеліктерін ескере отырып, оқу материалын құрылымдалған, бейімделетін және көрнекі түрде ұсынуға мүмкіндік беретін авторлық оқыту моделін әзірлеу. Зерттеу барысында информатика пәнін оқытудың отандық және халықаралық тәжірибесі талданып, В.В. Гриншкун моделінің тұжырымдамалық негіздері Блум таксономиясы деңгейлерімен салыстырылды, сондай-ақ компьютерлік модельдеу мен есептеу эксперименті әдістері қолданылды. Бұдан кейін жаңадан жасалған ақпараттық интеграторда жүзеге асырылған үш деңгейлі авторлық оқыту моделі ұсынылды. Модельдің Блум таксономиясы негізінде адекваттылығын тексеру және есептеу экспериментінің нәтижелері құрылымның когнитивтік тұтастығын, педагогикалық мақсатқа сәйкестігін және бейімделгіштігін растады. Бастауыш мектепте информатиканы оқыту үдерісін оңтайландыруда электрондық иерархиялық құрылымдарды пайдаланудың тиімділігі дәлелденді. Болашақта модельді цифрлық платформалар мен жасанды интеллект негізінде дамыту перспективалары қарастырылуда.

pdf
Тіл

Қазақ

Як цитувати

[1]
Қалданов, Б. і Бидайбеков, Е. 2025. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ИЕРАРХИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАР НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ МОДЕЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 91, 3 (Вер 2025), 250–263. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2025.91.3.023.