Перейти до головного Перейти в головне навігаційне меню Перейти на нижній колонтитул сайту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

SNTHERM ЖӘНЕ ML-ТӘСІЛДЕРІН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ АРҚЫЛЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАР ЖАМЫЛҒЫСЫ МЕН ЕРУІН МОДЕЛЬДЕУ

Жарияланған September 2025

22

11

А. Муссабек+
Astana IT University, Астана қ.
А. Рахимжанова+
Astana IT University, Астана қ.
А. Кызырханов+
Astana IT University, Астана қ.
Б. Алимбаева+
Қ. Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес Университеті, Алматы қ.
Astana IT University, Астана қ.
Astana IT University, Астана қ.
Astana IT University, Астана қ.
Қ. Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес Университеті, Алматы қ.
Аңдатпа

Бұл зерттеуде Шығыс Қазақстанның таулы аймағындағы қар жамылғысының маусымдық динамикасын модельдеу және талдау мақсатында физикалық негізделген SNTHERM моделі мен машиналық оқыту әдістерін біріктіру ұсынылады. Модельдік құрылым Шемонаиха метеостанциясы мысалында жүзеге асырылды. Бұл станция – климаты күрт континентальды, су тасқыны қаупі жоғары өңірде орналасқан. Метеорологиялық мәліметтер ретінде ERA5-Land қайта талдауының сағаттық деректері пайдаланылып, 2022-2023 жылғы қысқы маусымда қардың жиналуы, трансформациясы және еру үдерістері жоғары дәлдікпен модельденді. SNTHERM моделінің нәтижелері (қар суының баламасы - SWE, қар тереңдігі, температуралық профильдер) тәуліктік форматқа интерполяцияланып, қар циклінің негізгі көрсеткіштері анықталды. Олардың ішінде ең маңыздысы- SWE-нің ең жоғары мәні тіркелген күн, оң температура жағдайындағы тұрақты  ерудің басталуы және қар қабатының толық жойылу уақыты. Еру фазаларын анықтау және сандық бағалау үшін уақыттық қатарларды талдау және машиналық оқыту әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижелері SNTHERM моделі мен деректерге негізделген әдістерді біріктіру Шемонаиха станциясындағы қар жамылғысының дамуын дәл сипаттай алатынын және осындай континентальды аймақтарда қар еруін модельдеуге және гидрологиялық қауіптерді бағалауға тиімді құрал бола алатынын көрсетті.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Як цитувати

[1]
Муссабек, А., Рахимжанова A., Кызырханов, А. і Алимбаева, Б. 2025. SNTHERM ЖӘНЕ ML-ТӘСІЛДЕРІН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ АРҚЫЛЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАР ЖАМЫЛҒЫСЫ МЕН ЕРУІН МОДЕЛЬДЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 91, 3 (Вер 2025), 53–68. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2025.91.3.005.