Бұл мақалада орта мектеп оқушыларына факультатив сабақтарды және оқушы білімін бағалауда жиынтық бағалау жұмыстарын жүргізу жолдары жан жақты қарастырылды. Қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау жұмыстарын жүргізуде компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы оқушыларды танымдық қабілеттерін дамыту, мақсаттың нәтижелі болуын түсіндіре отырып, соған бағыттау, қамтамасыз ете отырып, өз бетімен жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру және де факультатив сабақтарды жүргізудің тиімділігі зерттелді және бүгінге дейін қолданылып келген әдіс-тәсілдер қарастырылды. Сонымен қатар, жиынтық бағалауды әр түрлі жолмен жүргізуге болатындығы және соның ішінде электронды түрде ұйымдастырған жеңіл және ыңғайлы екендігі, оқытудың сапасын жақсарту үшін алдымен оның әдістемесін жетілдіру қажет екендігі айтылған. Қазіргі таңда әлемдегі білім көлемі тез өсіп жатқандығын ескере отырып, мектептегі оқытудың тиімділігін арттыру үшін жаңа технологияның мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана білу қажет деген қорытынды жасалды.
ИНФОРМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАМЕН ОҚЫТУМЕН БАҒАЛАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Жарияланған June 2021
157
143
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Турганбаева , А. , Рахымжанова, А. і Черикбаева, .А. 2021. ИНФОРМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАМЕН ОҚЫТУМЕН БАҒАЛАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 69, 1 (Чер 2021), 445–449.