Мақалада мектеп оқушыларын компьютерлік ойындар құруға оқыту әдістемесі қарастырылады. Алғашында ойын ұғымы сипатталады, ойын жасау кезіндегі негізгі дидактикалық талаптар келтіріледі және «компьютерлік ойын» ұғымына кеңірек сипаттама беріледі. Информатиканы оқытудағы компьютерлік ойындарды пайдалану тәсілдері, компьютерлік ойындардың жіктелуі келтіріледі. Білім беру кеңістігінде компьютерлік ойындарды пайдаланудың ерекшеліктері сипатталады. Компьютерлік ойын құру үшін ойын конструкторларын пайдалану ұсынылады және оларды құру үшін, ойын конструторларын қолдана білуге үйрету жеткілікті болады. Бірнеше ұсынылған конструкторларының ішінен 2D редакторлардың бірі Game Maker Studio конструторы қолданылады. Game Maker Studio редакторында ойын құрудың жолдары сипатталып келтіріледі. Алдымен жалпы ойында қолданылатын спрайт, объект, деңгей, оқиға, әрекет ұғымдары келтіріліп, содан соң ойын құру идеясы сипатталады. Ойын сценариі бойынша Game Maker Studio редакторында ойын құрудың мүмкіндіктері келтіріледі.
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫНДАРЫН ҚҰРУҒА ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Жарияланған June 2021
196
251
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Шекербекова , Ш. , Исабаева , Д. і Тілеубергенов , М. 2021. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫНДАРЫН ҚҰРУҒА ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 69, 1 (Чер 2021), 450–455.