Перейти до головного Перейти в головне навігаційне меню Перейти на нижній колонтитул сайту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ КӨПБЕЙНЕЛІКТІҢ ОРНЫҚТЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ МАТРИЦАЛЫҚ САЛЫСТЫРУ ЖҮЙЕЛЕРІ

Жарияланған September 2025

7

3

А. Тлеулесова+
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.
С. Жұматов+
Математика және математикалық модельдеу институты, Алматы қ.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

А. Тлеулесова

Агила Тлеулесова
доцент кафедры фундаментальной математики - ЕНУ

Математика және математикалық модельдеу институты, Алматы қ.
Аңдатпа

Қазақтан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің АP23488811 гранттық жобасы аясында жүргізілген зерттеулердің нәтижелері ұсынылған. Мақалада негізгі басқару жүйесінің бағдарламалық көпбейненің орнықтылығы қарастырылады. Басқару жүйесі бағдарламалық көпбейненің орнықтылық қасиеттерін зерттеу үшін салыстыру жүйесі құрылған. Автономды және автономды емес жүйелер үшін Ляпунов функциясын құрастырамыз. Ляпунов функциясы арқылы берілген функцияға қатысты бағдарламалық көпбейненің абсолютті және асимптотикалық орнықтылығының жеткілікті шарттары алынған. Көмекші салыстыру жүйелерінің кеңістіктегі қалпы берілген жүйе кеңістігіндегі бейнелеуге негізделген. Бұл әдістер түрлі теориялық, қолданбалы есептерді қарастырады. Сондай-ақ кеңістіктегі көпбейненің динамикалық қасиеттерін зерттеу үшін кеңінен қолданылады. Салыстыру жүйелерін зерттеуге дифференциалдық теңдеулер қолднылады. Қарастырылып отырған теңдеулер жүйесінің ретін төмендету  - салыстыру әдісінің негізгі артықшылығын көрсетеді. Автоматты басқару жүйелерінің бағдарламалық көптүрлілігінің орнықтылығын зерттейміз. Бағдарламалық көптүрліліктің орнықтылығы үшін жеткілікті шарттарды матрицалық салыстыру теңдеулерінен аламыз.

pdf
Тіл

Қазақ

Як цитувати

[1]
Тлеулесова, А. і Жұматов, С. 2025. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ КӨПБЕЙНЕЛІКТІҢ ОРНЫҚТЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ МАТРИЦАЛЫҚ САЛЫСТЫРУ ЖҮЙЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 91, 3 (Вер 2025), 69–78. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2025.91.3.006.