Мақалада Қазан төңкерісі 1917 жылға дейін Қазақстандағы математикалық білім берудің тарихи дамуы қарастырылды. Зерттеу барысында мұсылмандық мектептердегі арифметикалық білімнің ерекшеліктері, орыс-қазақ және орыс-бұратана мектептеріндегі математиканы оқыту әдістері талданды. Сонымен қатар, XIX ғасырдың екінші жартысындағы педагогикалық жаңғырулар және математикалық оқулықтардың рөлі сипатталды. Зерттеу әдістері ретінде тарихи-салыстырмалы талдау, педагогикалық деректерді жүйелеу және мұрағаттық құжаттар зерделенді. Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда математикалық білім берудің дамуы күрделі әрі көпқырлы болды, ал оның құрылымы әртүрлі оқу жүйелерінің ықпалымен қалыптасты. Бұл зерттеу Қазақстандағы математикалық білім беру тарихының үздіксіздігін және оның дамуына ықпал еткен факторларды анықтауға мүмкіндік береді.
ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІНЕ ДЕЙІНГІ ҚАЗАҚСТАНДА МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҒДАЙЫНА ТАРИХИ ШОЛУ
Жарияланған September 2025
4
4
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Як цитувати
[1]
Әбілқасымова, А. , Косанов, Б. і Халимбетов, Б. 2025. ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІНЕ ДЕЙІНГІ ҚАЗАҚСТАНДА МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҒДАЙЫНА ТАРИХИ ШОЛУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 91, 3 (Вер 2025), 101–110. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2025.91.3.009.