Мақалада орта білім беру жүйесінде үшөлшемді модельдеу дағдыларын қалыптастыруда жасанды интеллект технологиялары мен Blender бағдарламасының мүмкіндіктерін біріктіре отырып оқыту әдістемесін әзірлеу мәселесі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – 3D модельдеу сабақтарын оқушылардың кеңістіктік ойлау, шығармашылық және инженерлік қабілеттерін дамытуға бағытталған инновациялық тәсілдер негізінде ұйымдастыру. 3D модельдеудің теориялық негіздерін, оның білім беру саласындағы маңызын, сондай-ақ жасанды интеллект құралдарын қолдану арқылы оқу үдерісін жекелендіру мен бейімдеудің мүмкіндіктерін жан-жақты талдайды. Зерттеу барысында педагогикалық эксперимент жүргізіліп, оның нәтижелері ұсынылған әдістеменің тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдейді. Мақалада алынған нәтижелер мектеп оқушыларына арналған цифрлық білім беру мазмұнын жетілдіру және қазіргі заманғы технологияларды оқу процесіне интеграциялау мәселелерін шешуге бағытталған.
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЕКТ РЕСУРСТАРЫН ЖӘНЕ BLENDER БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП МЕКТЕПТЕ 3D МОДЕЛЬДЕУДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ДАМЫТУ
Жарияланған December 2025
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Як цитувати
[1]
Жамалова, С. і Тағай, А. 2025. ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЕКТ РЕСУРСТАРЫН ЖӘНЕ BLENDER БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП МЕКТЕПТЕ 3D МОДЕЛЬДЕУДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ДАМЫТУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 92, 4 (Груд 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2025.92.4.025.