Жұмыста су қоймаларындағы балық популяцияларының сандық мөлшері мен биомассасының өзгерісін бағалаудың жаңа әдісі ұсынылады. Құрылған әдіс балықтардың жастық құрылымын және когорталар бойынша динамикасын ескереді, сонымен қатар олардың абсолюттік саны туралы қосымша ақпаратты қажет етпейді. Ауытқулар мен бақыланбайтын факторлардың әсерін азайту үшін деректер үшінші дәрежелі полиномиалдық регрессия әдісімен алдын ала өңделеді. Сонымен бірге биомассаны есептеу кезінде жыныстық құрамды шартты түрде ескеретін механизм енгізілген, бұл бағалаудың дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді. Ұсынылған формулалар шектеулі немесе толық емес деректер жағдайында да икемді әрі бейімделгіш талдау әдісін қамтамасыз етеді. Жаңа бағалау тәсілі популяцияның жай-күйін бақылауға және балық ресурстарының сандық мөлшері мен биомассасының өзгеру үрдістерін қадағалауға мүмкіндік беретін қайта өндіруге болатын және салыстырмалы нәтижелер береді. Ұсынылған математикалық модель балық популяциясы мен оның биомассасын бағалауға арналған когорттық әдіске балама болып табылады және ол басқа тәсілдермен кешенді түрде қарастырылып, балық шаруашылығын басқару шешімдерін қабылдау кезінде олармен бірге қолданылуы тиіс.
ЖАЙСАН КӨЛІНДЕГІ БАЛЫҚТАРДЫҢ САНДЫҚ ДИНАМИКАСЫН ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ КӘСІПТІК АУЛАУ ДЕРЕКТЕРІ НЕГІЗІНДЕ КОГОРТТЫҚ ТӘСІЛМЕН БАҒАЛАУ
Жарияланған September 2025
9
2
Аңдатпа
Тіл
English
Як цитувати
[1]
Шапен K., Габбасов, М., Рахымова, А. і Касымханов A. 2025. ЖАЙСАН КӨЛІНДЕГІ БАЛЫҚТАРДЫҢ САНДЫҚ ДИНАМИКАСЫН ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ КӘСІПТІК АУЛАУ ДЕРЕКТЕРІ НЕГІЗІНДЕ КОГОРТТЫҚ ТӘСІЛМЕН БАҒАЛАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 91, 3 (Вер 2025), 79–90. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2025.91.3.007.
https://orcid.org/0000-0002-5065-063X