Гравитациялық өріс физикасының проблемасы - гравитациялық өріс пен кеңістік-уақыт континуумының кеңею байланысын анықтау. Сондықтан осы қатынастарды анықтауға және оларды формулалар арқылы білдіруге мүмкіндік беретін модельдерді құру зерттеулері өзекті болып табылады. Гравитациялық өрістің қазіргі теорияларында практикада қолданылатын формулаларды есептеп шығару кезінде еленбей қалатын шағын шамалар бар. Мақалада кванттық қасиеттерді кеңістік-уақыт континуумының кеңеюімен біріктіретін гравитациялық өріс моделі келтірілген. Сондай-ақ, координаттар жүйесінің жеңілдетілген моделінде стационарлық орталық симметриялы объектінің гравитациялық өрісі зерттеліп, гравитациялық өріспен сынама бөлшекті қармаудың шекті қашықтығы есептелген. Шағын шамаларды ескере отырып, жүргізілген есептеулер нәтижелері қызығушылық тудырады, олар: сынамалы бөлшектің гравитациялық өріспен толық радиусын қамти алуы; Шварцшильдтің қара құрдым масса дефектісі формуласы; кванттық физика шамаларының Хаббл тұрақтысына тәуелділігін анықтайтын қатынастар.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Қасенова, Л., Еңсебаева, .Г. і Шүйтенов, Г. 2021. ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ ӨРІСТІҢ ФИЗИКА-МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛІН ҚҰРУ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 73, 1 (Бер 2021), 91–95. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-7901.13.