Мақалада соңғы жылдары информатика мұғалімдерін кәсіби дайындау барысында виртуалдық шынайылық (Virtual Reality) және толықтырылған шынайылық (Augmented Reality) технологияларын қолданудың даму бағыты мен педагогикалық мүмкіндіктері талданды. Зерттеу мақсаты – болашақ информатика мұғалімдерін дайындау процесінде виртуалдық және толықтырылған шынайылық технологияларын пайдаланудың эволюциясын анықтау және олардың кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудағы рөлін айқындау. Зерттеу барысында мазмұндық және жүйелік талдау әдістері қолданылды. Соңғы онжылдықта білім беруде иммерсивті технологиялардың қолдану аясы кеңейіп, оларды педагогикалық дайындауға енгізу болашақ мұғалімдердің практикалық және әдістемелік дағдыларын жетілдірудің тиімді тәсілі ретінде қарастырылуда. Виртуалдық және толықтырылған шынайылық технологиялары студенттердің жобалық әрекетін, визуалды ойлауын және цифрлық сауаттылығын дамытуға мүмкіндік беретін заманауи оқыту ортасын қалыптастырады. Зерттеу нәтижесінде информатика мұғалімдерін дайындауда аталған технологияларды пайдаланудың төрт кезеңнен тұратын эволюциялық моделі ұсынылды: бейімделу, қолдану, интеграция және жетілдіру. Модельдің практикалық маңызы – жоғары оқу орындарында педагогикалық дайындау процесін цифрландыру мен иммерсивті оқыту ортасын тиімді ұйымдастыруға бағытталған.
ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУДА ВИРТУАЛДЫҚ ЖӘНЕ ТОЛЫҚТЫРЫЛҒАН ШЫНАЙЫЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Жарияланған December 2025
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Як цитувати
[1]
Самат, А. і Оңғарбаева, А. 2025. ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУДА ВИРТУАЛДЫҚ ЖӘНЕ ТОЛЫҚТЫРЫЛҒАН ШЫНАЙЫЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 92, 4 (Груд 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2025.92.4.029.
https://orcid.org/0009-0001-0935-3713