Бұл жұмыста сызықтық емес екі нүктелі шеттік шарттар әулетіне бағынатын сызықтық дифференциалдық
теңдеулер әулеті үшін шеттік есеп қарастырылады. Әулет параметрінің әрбір бекітілген мәні үшін зерттелетін
шеттік есеп жәй дифференциалдық теңдеулер жүйесі үшін сызықтық емес екі нүктелі шеттік есеп болып
табылады. Жәй дифференциалдық теңдеулер үшін шеттік есептер әулетіне дербес туындылы теңдеулер
жүйелері үшін бейлокал шеттік есептер, атап айтқанда, аралас туындылы гиперболалық теңдеулер жүйелеріне
арналған бейлокал шеттік есептер, келтіріледі. Сондықтан, дифференциалдық теңдеулер үшін шеттік есептер
әулетін шешілімділік шарттарын тағайындау және шешімін табу әдістерін жасау өзекті мәселелер болып
табылады. Д.С. Джумабаев өз еңбегінде параметрлеу әдісі көмегімен жәй дифференциалдық теңдеулер жүйесі
үшін сызықтық екі нүктелі шеттік есептің бірмәнді шешілімділік белгілерін жасады.
Осы жұмыста Д.С. Джумабаевтың параметрлеу әдісінің идеяларын қолдана отырып қарастырып отырған
есептің сандық шешімін табу әдісі ұсынылады.
ЖӘЙ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР ҮШІН СЫЗЫҚТЫҚ ЕМЕС ШЕТТІК ЕСЕПТЕР ӘУЛЕТІНІҢ ШЕШІМІН ТАБУДЫҢ БІР ӘДІСІ ТУРАЛЫ
Жарияланған March 2021
272
58
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Темешева, С., Абдиманапова, П. і Борисов, Д. 2021. ЖӘЙ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР ҮШІН СЫЗЫҚТЫҚ ЕМЕС ШЕТТІК ЕСЕПТЕР ӘУЛЕТІНІҢ ШЕШІМІН ТАБУДЫҢ БІР ӘДІСІ ТУРАЛЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 73, 1 (Бер 2021), 70–75. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-7901.09.