Перейти до головного Перейти в головне навігаційне меню Перейти на нижній колонтитул сайту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

ҚАПТАМАЛЫ-ҚҰБЫРЛЫ ЖЫЛУАЛМАСТЫРҒЫШТАҒЫ ЖЫЛУ АЛМАСУ ПРОЦЕСІН ЖӘНЕ ҚҰБЫРЛАРДЫҢ ЛАСТАНУ ҚАБАТЫНЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ

Жарияланған December 2025

7

4

С.Қ. Сағынғалиева+
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ,
https://orcid.org/0009-0003-1914-6798
М. Тунгатарова+
К. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, Алматы
https://orcid.org/0000-0003-3138-3326
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ,
К. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, Алматы
Аңдатпа

Қаптамалы-құбырлы жылуалмастырғыштар жылу энергетикасында, мұнай-газ өнеркәсіптерінде және химиялық инженерияда салқындату, қыздыру, булану процестерінде қолданылады. Бұл мақалада қаптамалы-құбырлы жылуалмастырғыштағы жылу алмасу процесі зерттелді. Модельде құбыр және қаптамадағы турбулентті ағын RANS (Reynolds Average Navier-Stokes) теңдеулері арқылы сипатталды. Орташаландырылғаннан кейін, пайда болатын белгісіздерді шешу үшін, яғни жүйені тұйықтау мақсатында турбуленттік моделі қолданып, турбуленнті параметрлері тәжірибелік деректер негізінде алынды. Алынған нәтижелер  тәжірибелік нәтижелермен салыстырып, орташа салыстырмалы қате 1,59-1,68 % аралығында анықталып, модельдің есептеу дәлдігі және де физикалық процесті нақты сипатталғанына көз жеткізілді. Верификацияланған модель негізінде қаптамалы-құбырлы жылуалмастырғыштағы құбырларда судағы тұздар мен бөлшектердің шөгуінен және коррозия өнімдерінің жиналуы нәтижесінде түзілетін ластану қабаты зерттелді. Ластану қабатының қалыңдығы  аралығында өзгертіліп параметрлік талдау жүргізілді. Нәтижелер көрсеткендей, ластану қабатының қалындауы жылуөткізгіштік коэффицентінің төмендеуіне, құбыр температураларының өсуіне және де жылуалмасу процесін тежеуіне алып келді. Алынған нәтижелер қаптамалы-құбырлы жылуалмастырғыштардың тиімділігін арттыру және конструкциясын жетілдіру, сонымен қатар энергетика және өнеркәсіп салаларында энергияны үнемдеу мақсатында ластану процестерін азату стратегияларын дайындау үшін қолданылуы мүмкін.

pdf
Тіл

Қазақ

Як цитувати

[1]
Сағынғалиева, С. і Тунгатарова, М. 2025. ҚАПТАМАЛЫ-ҚҰБЫРЛЫ ЖЫЛУАЛМАСТЫРҒЫШТАҒЫ ЖЫЛУ АЛМАСУ ПРОЦЕСІН ЖӘНЕ ҚҰБЫРЛАРДЫҢ ЛАСТАНУ ҚАБАТЫНЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 92, 4 (Груд 2025), 46–55. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2025.92.4.005.