Бұл жұмыс кәсіпорынды басқару ақпараттық жүйесі үшін қолданбалы модульдерді әзірлеуге арналған.
Зерттеу жұмысының мақсаты ақпарат алмасудың тиімділігін арттыру болып табылады. Жұмыста жүйелік
тәсілді жүзеге асыру үшін зерттеу объектісінің барлық маңызды аспектілері жан-жақты зерттелген.
Кәсіпорынды басқару ақпараттық жүйесі үшін қолданбалы модульдерді әзірлеу барысында MongoDB және
.NET CORE технологиялары пайдаланылды. Кәсіпорындардағы деректер алмасу, дайындау, өңдеуді жеңілдету
үшін деректер қоры құрылып, мүмкін болған барлық функциялары қолданылды. Кәсіпорын жүйесін басқаруға
мүмкіндік беретін ақпараттық жүйенің екі модулі әкімшілік және кадрлық модуль жасалынды.
Автоматтандырылған жүйе деректер алмасу барысында адами факторлар әсерінен кететін көптеген
қателіктердің алдын алады. Деректерді жинақ түрінде сақтау арқылы, біз көп өлшемді деректермен жеңіл әрі
жеделдетілген түрде өңдеп, ақпарат алмаса аламыз.
КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ ҮШІН ҚОЛДАНБАЛЫ МОДУЛЬДЕРДІ ӘЗІРЛЕУ
Жарияланған March 2021
142
173
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Балакаева, Г. і Базарбе, Ж. 2021. КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ ҮШІН ҚОЛДАНБАЛЫ МОДУЛЬДЕРДІ ӘЗІРЛЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 73, 1 (Бер 2021), 152–160. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-7901.22.