Бұл мақалада STEM-білім беру аясында инженерлік және есептеу ойлауды дамыту мәселесі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – STEM-бағдарланған оқыту арқылы білім алушылар мен жоғары оқу орны студенттерінің инженерлік ойлау деңгейін эмпирикалық тұрғыда анықтау және оның информатика пәні бойынша жетістіктермен байланысын талдау. Зерттеуге Қазақстан мектептерінің білім алушылары мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің информатика кафедрасында оқитын 50 студент қатысты. Зерттеу барысында есептеу ойлауын өлшеуге арналған CTS сауалнамасы, авторлық тест тапсырмалары қолданылып, алынған деректер IRT әдісі арқылы талданды. Сонымен қатар инженерлік ойлау мен оқу жетістіктері арасындағы өзара байланыс регрессиялық талдау негізінде анықталды. Нәтижелер STEM-оқыту инженерлік ойлаудың алгоритмдік ойлау, модельдеу және мәселені құрылымдау компоненттерін айтарлықтай арттыратынын көрсетті. Зерттеу нәтижелері инженерлік ойлауды дамытуда STEM тәсілдерінің тиімділігін дәлелдейді және білім беру тәжірибесіне енгізуге ұсынылады.
STEM ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ИНЖЕНЕРЛІК ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ: ЭМПИРИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕРГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ЗЕРТТЕУ
Жарияланған July 2026
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Як цитувати
[1]
Жайдакбаева, Л., Пернебаев , Е., Адырбекова, Г., Изтаев, Ж. і Естай, К. 2026. STEM ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ИНЖЕНЕРЛІК ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ: ЭМПИРИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕРГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ЗЕРТТЕУ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 94, 2 (Лип 2026).