Информатика пәніне арналған виртуальды оқу ортасына практикалық және теориялық анализ жүргіземіз. Зертттеу мақсаттары мен міндеттерін қарастырып, оқыту бағдарламаларының тиімділігін талдаймыз. Сонымен қатар “виртуальды технологиялар”, “виртуалды интерактивті оқыту ортасы” және “онлайн оқыту платформасы” т.б өзекті мәселелерді талқыға саламыз. Жұмыстың ғылыми өзекті болуына, заманауи технологиялар мен виртуальды өмірдің балаларға ықпал етуінен туындайды. Жаһандану және информатизация әсерінен информатика пәнінен сабақ берудің жаңа интерактивті тәсілдері пайда болды. Ал виртуальды технологиялар сол тәсілдердің бірі болып табылады. Виртуальды сабақ беру елімізде қарстырылмаған. Болашақта бұл бағытта жұмыс атқаратын мамандарға әдіснамалық нұсқаулық қажет екендігі анық. Зерттеу жұмысының нәтижелеріне анализ жасап, мұғалімдерге арналған нұсқаулық ұсынамын. Яғни зерттеу жұмысының практикалық маңызыдылғын айқындап, виртуальды интерактивті ортаны ұйымдастыру және енгізу ережелерін құрамын. Бұл жобада интерактивті компьютерлік технологияны қолдану және оны ұйымдастыру жолдарын қарастырамыз.
ИНФОРМАТИКА ПӘНІНДЕ ВИРТУАЛЬДЫ ИНТЕРАКТИВТІ ОРТАНЫ ҚОЛДАНУ
Жарияланған March 2021
202
271
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Тұрдыбек, А. і Абдилдаева , А. 2021. ИНФОРМАТИКА ПӘНІНДЕ ВИРТУАЛЬДЫ ИНТЕРАКТИВТІ ОРТАНЫ ҚОЛДАНУ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 73, 1 (Бер 2021), 203–210. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-7901.30.