Стресс адамның физикалық және психологиялық денсаулығына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Ол алаңдаушылық, депрессия, жүрек-қан тамырлары аурулары, когнитивтік бұзылыстар және иммундық жүйенің әлсіреуі сияқты күрделі және ауыр салдарға алып келуі ықтимал. Сондықтан стрессті ерте анықтау, оның деңгейін үнемі бақылау және алдын алу шараларын қолдану қазіргі заманғы медицинаның, психологияның және денсаулық сақтау жүйесінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Соңғы жылдары стрессті бағалау мен басқаруға арналған инновациялық платформаларға, соның ішінде жасанды интеллект, IoT (заттар интернеті) және биосенсорлар негізінде жұмыс істейтін құрылғыларға қызығушылық айтарлықтай артып келеді. Бұл технологиялардың денсаулық сақтау жүйесіндегі рөлі барған сайын маңызды бола түсуде, себебі олар адамның физиологиялық көрсеткіштерін үздіксіз тіркеуге, талдауға және нақты уақыт режимінде деректер ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл мақалада заманауи технологиялар негізінде стрессті бақылау және бағалау әдістеріне жан-жақты шолу жасалады. Атап айтқанда, физиологиялық параметрлерді тіркеуге арналған сенсорлар мен IoT технологияларын қолдану мүмкіндіктері қарастырылады. Физиологиялық индикаторларды өлшеуге арналған сенсорлар адамның жүрек соғу жиілігі, тыныс алу жиілігі, тері өткізгіштігі, дене температурасы, қан қысымы, қандағы оттегі деңгейі және басқа да маңызды көрсеткіштерін үнемі бақылауға мүмкіндік береді. Бұл мәліметтер стресс деңгейін анықтауға және оны бағалауға арналған әртүрлі әдістерді қолдану арқылы өңделеді. Бұл технологиялар жеке адамның жағдайына уақтылы әрекет етуге, стрессті төмендетуге арналған тиімді шараларды қолдануға, жалпы денсаулықты жақсартуға және пациенттерге жеке көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Осындай инновациялық тәсілдер денсаулық сақтау жүйесінде жаңа перспективаларды аша отырып, жалпы өмір сүру сапасын арттыруға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етуі мүмкін.
СТРЕСС ДЕҢГЕЙІН БАҚЫЛАУ: IOT ШЕШІМДЕРГЕ ШОЛУ МЕН ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ИНДИКАТОРЛАР
Жарияланған June 2026
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Як цитувати
[1]
Жолдас, Н., Тюлепбердинова, Г., Мейрманова A. і Кунелбаев, М. 2026. СТРЕСС ДЕҢГЕЙІН БАҚЫЛАУ: IOT ШЕШІМДЕРГЕ ШОЛУ МЕН ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ИНДИКАТОРЛАР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 94, 2 (Чер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2026.94.2.014.
https://orcid.org/0000-0002-4941-8198