Мақалада гиперкомплекс жүйеде тұрақты коэффициентті гиперкомплекс айнымалының бірінші ретті біртексіз дифференциалдық теңдеуін шешу мәселесі қарастырылады. Дифференциалдық теңдеудің оң жағының әртүрлі жағдайларындағы шешімнің құрылымы анықталады. Нөлдің бөлгішінің пайда болу жағдайындағы теңдеудің шешуінің құрылымы көрсетіледі.
Гипрекомплекстік функцияның компоненті тәуелсіз айнымалының көпмүшелігі болғанда дифференциалдық теңдеу біртексіз нақты айнымалылардың теңдеулер жүйесіне айналатыны және оның дифференциалды теңдеулер теориясының белгілі әдістерімен шешілетіні нақтыланады. Осылайша, гиперкомплекстік жүйеде біртексіз дифференциалдық теңдеулердің аналитикалық түрдегі шешімдерін алу ғылым мен техниканың әр түрлі салаларындағы процестерді моделдеудің өсуінің тиімділігіне әкеледі.
ГИПЕРКОМПЛЕКС ЖҮЙЕДЕ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ТЕҢДЕУЛЕРДІ ШЕШУ
Жарияланған June 2021
151
20
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Абиров, А. , Шаждекеева, Н. і Ахмурзина, Т. 2021. ГИПЕРКОМПЛЕКС ЖҮЙЕДЕ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ТЕҢДЕУЛЕРДІ ШЕШУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 69, 1 (Чер 2021), 7–11. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-1.1728-7901.01 .