Мақалада жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында жалпы білім беретін орта мектептерде оқытудың жаңа әдістерін қолданып математиканы оқыту әдістемесін жетілдіру мәселесі қарастырылады. Авторлар бүгінгі орта мектепте математика пәнін оқытуда қолданылатын оқытудың құралдары мен олардың функциялары арқылы дидактика принциптерін жүзеге асыруды сипаттайды. Сол әдістер арасынан эвристикалық әдісті мысалға ала отыра мектеп оқулықтары беттерінен бірнеше есептерді мысал ретінде талдап, оқытудың сол әдіс арқылы қол жеткізілетін нәтижесін көрсетеді. Сол берілген мысалдар арқылы есепті талдаудың қаншалықты оқушы үшін маңызды екені мақалада беріледі де, пән мұғалімі үшін әр сабақтың тақырыбына байланысты оқыту әдісін таңдаудың маңыздылығы сипатталады. Сонымен қатар авторлар мақалада математика пәнін оқытудағы кейбір ерекшеліктерін талдайды.
ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ БАРЫСЫНДА МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІМДІ ӨЗЕКТЕНДІРУ
Жарияланған June 2020
175
189
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Қосыбаева, У. , Шаматаева, .Н. і Тлеуберген, .А. 2020. ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ БАРЫСЫНДА МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІМДІ ӨЗЕКТЕНДІРУ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 70, 2 (Чер 2020), 90–96. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7901.13.