Бүгінгі таңда білім беруге көптеген факторлар әсер етеді. Білім беру мекемелері бюджеттің қысқаруымен, ескірген ақпараттық технологиялармен, деректердің қауіпсіздігін басқарумен және қашықтан оқытуды интеграциялауға деген ұмтылысқа тап болуда. Виртуализация технологиялары бұл бағытта туындайтын мәселелерге инновациялық шешімдер ұсынады. Атап айтқанда, әртүрлі электрондық оқу-әдістемелік кешендерді, цифрлық білім беру ресурстарын, білім беру порталдарын, веб-сайттарды, бұлтты технологияларды қолданып қашықтықтан және дәстүрлі оқытуды жүзеге асыру кезінде виртуализация технологияларын кеңінен пайдалану жатады. Мақалада ЖОО оқу үдерісіне енгізілген виртуалдандыру технологияларын қолданатын түпнұсқа білім беру инфрақұрылымын ұйымдастыру бағыттары ұсынылған. Бұл инфрақұрылым университет студенттеріне және қызметкерлеріне университеттегі компьютерлік зертханаларда да, аудиториядан тыс жұмыс жасау үшін де интернет арқылы виртуалды жұмыс орындары мен қосымшаларға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл бағыттың артықшылықтары көрсетілген инфрақұрылым функцияларын сипаттайтын виртуалдандыру технологиялары ұсынылған және инфрақұрылым проблемаларын анықтау үшін жүргізілген зерттеу тәжірибелерінің қорытынды нәтижелері ұсынылады.
БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА ВИРТУАЛДАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ
Жарияланған July 2021
220
250
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Сыдыхов, Б., Ыдырысбаев, Д. і Batyrkhan, Z. 2021. БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА ВИРТУАЛДАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 74, 2 (Лип 2021), 61–67. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-2.1728-7901.07.