Бұл мақалада Geogebra программасы арқылы кеңістіктегі фигуралардың (тетраэдр, призма) қимасын геометрия сабағында салып көрсету әдістемесі айтылады. Геометрия сабағында мұғалімдер Geogebra элементтерін қолданып, кеңістіктегі фигуралардың қимасын оңай табуға болатынын көрсетуіне мүмкіндік өте зор. Қағаз бетіне, тақтаға кеңістіктегі фигуралардың қимасын салғанымен білім алушылардың түсінгендері сирек кездеседі. Ал, Geogebra программасының көмегімен сызуға, көзге елестетуге де жеңіл. Әрі Geogebra программасы сабақты қызықты, ұғынықты және жаңашыл ету үшін де қолдануға болады. Сонымен қатар, білім алушылар барлық жұмыстарды болашақта пайдалану үшін электронды форматта сақтай алады. Сауалнаманың талдауы көрсеткендей, сабақта осы Geogebra программасының элементтерін қолданғаннан кейін студенттер математикалық ұғымдардың геометриялық бейнесін жақсы түсіне бастады. Сондықтан кеңістіктегі фигуралардың қимасын GeoGebra программасын қолдану арқылы сабақты нәтижелі ете алады.
GEOGEBRA ПРОГРАММАСЫ КӨМЕГІМЕН КЕҢІСТІКТЕГІ ФИГУРАЛАРДЫҢ ҚИМАСЫН САЛУ ӘДІСТЕМЕСІ
Жарияланған June 2020
224
178
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Майбазарова, Б. і Баетов, .Қ. 2020. GEOGEBRA ПРОГРАММАСЫ КӨМЕГІМЕН КЕҢІСТІКТЕГІ ФИГУРАЛАРДЫҢ ҚИМАСЫН САЛУ ӘДІСТЕМЕСІ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 70, 2 (Чер 2020), 97–103. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7901.14 .