Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

Жарияланған December 2021

163

91

А.Қ. Мошқалов+
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Ж.Н. Оразбеков+
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Қ.Ж. Сабраев+
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
С.Р. Шармұханбет+

Аңдатпа

Бүгінгі таңда білім беру «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды және сол міндетке қол жеткізуде білім беру жүйесін жетілдіру маңызды рөл атқаруда. Әлемдік қоғамдастыққа кіру және ақпараттық кеңістікті кеңейту елдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің өлшемдері ретінде адами ресурстарды қалыптастырудағы білімнің рөлін арттыруға мүмкіндік береді және бұл білім беру жүйесін жаңа талаптарға бағыттаудың маңызды фактісі болып табылады.

Қоғамның қазіргі жағдайы ақпараттың жыл сайынғы екі еселенуіне байланысты ақпараттық және техникалық қанықтылықпен сипатталады, онда технологиялар мен технологиялардың өзгеру қарқыны ұрпақтардың өзгеру қарқынынан асып түседі. АКТ  маңызды экономикалық сектор бола отырып, экономиканың өнімділігі мен тиімділігіне, атап айтқанда ЖІӨ-нің өсуіне және жаһандық кедейлік деңгейіне тікелей әсер етеді және тұрақты даму мақсаттарын қамтамасыз ету үшін маңызды. Соңғы екі жыл ішінде COVID-19 пандемиясы АКТ  дамуына үлкен әсер етті.

Мақалада ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қоғамдағы және  әлемдік пандемия кезеңіндегі  маңызы, сонымен қатар, білім беруді ақпараттандыру үрдісі, оның негізгі бағыттары қарастырылған.

.pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Мошқалов, А., Оразбеков, Ж., Сабраев, Қ. і Шармұханбет, С. 2021. ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 76, 4 (Груд 2021), 182–187. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-7901.25.