Бұл жұмыста бөгеттің бұзылу мәселесі зерттелінді. Авторлар бұл мәселені турбулентті k-epsilon RNG үлгісімен Навье-Стокс теңдеулеріне негізделген сандық модельдеу арқылы зерттеді, сонымен қатар Volume of Fluid (VOF) әдісі мен Pressure Implicit Split Operator (PISO) алгоритмін қолданды. Сандық модельді тексеру үшін авторлар 450 арнасында бөгеттердің бұзылуының тестілік есебін алды. Модельдеу нәтижелері эксперименттік мәліметтермен және басқа автордың сандық деректерімен салыстырылды. Математикалық модельдің дұрыстығына көз жеткізген авторлар негізгі есептің сандық модельдеуін үш нұсқада жүргізді: бөгетшелерсіз, бір бөгетшемен, екі бөгетшелерімен. Кедергілер ағынды тежегендіктен, су деңгейінің төмендеуі мен судың пайда болуының баяулауын байқауға болады. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты - күрделі бұрылыс рельефтері бар арнадағы ағымды талдау.
САНДЫҚ МОДЕЛЬДЕУ КӨМЕГІМЕН БӨГЕТШЕНІҢ БҰЗЫЛУЫ КЕЗІНДЕ СУ ДЕҢГЕЙІНІҢ КӨТЕРІЛГЕН АЙМАҚТАРЫН VOF ӘДІСІМЕН АНЫҚТАУ
Жарияланған December 2021
152
107
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Исахов, А. і Рахымжанова, Ж. 2021. САНДЫҚ МОДЕЛЬДЕУ КӨМЕГІМЕН БӨГЕТШЕНІҢ БҰЗЫЛУЫ КЕЗІНДЕ СУ ДЕҢГЕЙІНІҢ КӨТЕРІЛГЕН АЙМАҚТАРЫН VOF ӘДІСІМЕН АНЫҚТАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 76, 4 (Груд 2021), 29–37. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-7901.04.