Функционалдық F класын нормаланған Y кеңістігіне бейнелейтін T операторын дәл емес
l(N) сандық мәліметі бойынша құрылған есептеу агрегаттарымен қалыптастыруда бірінен кейін бірі К(Е)Д – 1, К(Е)Д –2 және К(Е)Д –3 есептері шығарылады. Бұл жұмыста T операторы ретінде бірлік оператор, F класы ретінде Коробовтың көпөлшемді бірпериодты Es r класы, Y кеңістігі ретінде s өлшемді бірлік шаршыда үзіліссіз
функциялардың нормаланған кеңістігі,
l(N) сандық мәліметі ретінде қалыптастырылатын функцияның тригонометриялық Фурье коэффициенттері қарастырылып, К(Е)Д –2 және К(Е)Д –3 есептері шешілді. Дәл айтқанда, К(Е)Д –2 есебінде бұрын шығарылған К(Е)Д – 1 есебіндегі оптималды $$\left(\overline{l}^{\left(N\right)},\:\overline{\phi }_N\right)$$ есептеу агрегатының шектік қателігі табылды, ал К(Е)Д –3 есебінде тригонометриялық Фурье коэффициенттері бойынша құрылған кез келген есептеу агрегатының шектік қателігі $$\left(\overline{l}^{\left(N\right)},\:\overline{\phi }_N\right)$$ есептеу агрегатының шектік қателінен жақсы болмайтыны дәлелденді.
КОРОБОВА КЛАСЫ ФУНКЦИЯЛАРЫН К(Е)Д – ҚОЙЫЛЫМЫ АЯСЫНДА ОПТИМАЛДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ
Жарияланған June 2020
137
131
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Утесов , А. 2020. КОРОБОВА КЛАСЫ ФУНКЦИЯЛАРЫН К(Е)Д – ҚОЙЫЛЫМЫ АЯСЫНДА ОПТИМАЛДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 70, 2 (Чер 2020), 129–135. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7901.19 .