Қосалқы станциядағы электр қосылысының схемасы электрмен сенімді жабдықтауды, автоматтандыруды және үнемділікті, желідегі режимдік ерекшеліктерді қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан, бұл мақалада Кентау трансформатор зауыты қосалқы станциясының электрлік сұлбасына есептеулер жүргізілді, негізгі электр қондырғылары таңдалды. Қосалқы станцияның электр қондырғыларын таңдау мен тексеру үшін үшфазалық қысқа тұйықталу тоғы анықталды, қысқа тұйықталу токтарын есептеу сұлбасы құрастырылды. Тарату құрылғысының жоғары кернеудегі электр сұлбасын таңдау кезінде электрлік қосулар саны, электрмен жабдықтау сенімділігі және даму болашағы негізгі факторлар болып табылады. Сондай-ақ, ажыратқыштарды тексеру және сынақтан өткізу қажет. Біздің жағдайда төрт қосылысымыз бар: электр жүйелерімен екі байланыс желісі және екі трансформатор. Қосулардың осы санына бірнеше типтік сұлбаларды қолдануға болады: төртбұрыш, алтыбұрыш, көпірлік схемалар. Кентау трансформатор зауыты қосалқы станциясының тарату құрылғылары трансформаторлармен блокты схема бойынша қосылған. Желі-трансформатор блогына ток тұтынатын орындардағы электр қондырғылары қосылады немесе басқа қосалқы станциядан резервті қорек алады, себебі бір желі істен шыққан жағдайда, екі трансформатор қалған желімен жұмыс істей алмайды. Сондықтан, қосалқы станция тарату құрылғысының даму болашағын ескере отырып, электр схемасын өзгертіп, біршама сенімді, икемді, автоматтандыруға ыңғайлы, әрі жинақтаушы шиналардың бір жүйесінде апат болғанда электрмен жабдықтауда үзіліс болдырмайтын көпірлік схемаға ауыстыру ұсынылды.
КЕНТАУ ТРАНСФОРМАТОР ЗАУЫТЫ ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ЭЛЕКТРЛІК СХЕМАСЫН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТАҢДАУ
Жарияланған June 2020
127
226
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Абдикулова, З. і Жапаров, .Е. 2020. КЕНТАУ ТРАНСФОРМАТОР ЗАУЫТЫ ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ЭЛЕКТРЛІК СХЕМАСЫН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТАҢДАУ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 70, 2 (Чер 2020), 141–148. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7901.21.