Сұйықтық – аққыштық қасиетке ие, сол себепті өзінің дербес формасы жоқ және өзі толтырған ыдыс формасына ие болатын физикалық дене. Сұйықтықтар тамшы және газ тәрізді болып екі түрге бөлінеді. Тамшы сұйықтықтар сығылуға деген үлкен кедергімен (толықтай сығылмайтындықпен), сонымен қатар сұйықтық бөлшектері арасындағы тұтасу мен үйкеліс күштерінің шамалы болуына шартты болатын созылу және жанасу күштеріне төмен кедергімен сипатталады. Сығылмайтын сұйықтық – қысымның өзгеруі кезінде тығыздығы сақталатын тұтас ортаның математикалық моделі. Сығылмайтын сұйықтықтың анықтамасында сұйықтықтың негізгі қасиеттері сақталады, нақты айтқанда тұрақты көлемде қалпы өзгеруі мүмкін. Бұл мақалада сығылмайтын сұйықтықтың екі түрін көрсететін эксперимент ұсынылған. Бірінші түрі – созылмалы деформация есебінен көлемі өзгертілмеген сұйықтықтың қозғалысы. Екінші түрі – ұлғайған кезде қосымша кинетикалық энергияға ие болатын сұйықтықтан құйын қалыптастыру. Құйынды есептеу және модельдеу үшін формулалар ұсынылған
КӨЛЕМІ ӨЗГЕРМЕГЕН ЖӘНЕ КӨЛЕМІ ӨЗГЕРГЕН ЖАҒДАЙЛАРЫНДАҒЫ СҰЙЫҚТЫҚТЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ МОДЕЛЬДЕУ
Жарияланған June 2020
131
163
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Abdymanapov, S. і Kassenova, .L. 2020. КӨЛЕМІ ӨЗГЕРМЕГЕН ЖӘНЕ КӨЛЕМІ ӨЗГЕРГЕН ЖАҒДАЙЛАРЫНДАҒЫ СҰЙЫҚТЫҚТЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ МОДЕЛЬДЕУ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 70, 2 (Чер 2020), 149–154. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7901.22.