Осы жұмыста жылу және ылғал тасымалының коэффициенттік кері есебі қарастырылады. Топырақтағы жылу мен ылғал тасымалы процесі дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер жүйесімен берілетіні белгілі. Жылу және ылғал тасымалы теңдеулерінің термофизикалық қасиеттерін табу үшін коэффициенттік кері есеп шешіледі. Жылу және ылғал тасымалы теңдеулер жүйесі үшін бастапқы және шекаралық шарттар қойылған. Қойылған есепті шығару үшін, қосымша шарт ретінде қарастырылып отырған аймақтағы қолжетімді шекарада температура мен ылғалдың өлшенген мәндері берілген. Кері есепті шешу үшін Дюфорт-Франкель сұлбасы және Matlab Optimization Toolbox қолданылады. Итерациялар санын азайту үшін Якобиан қолданылады. Якобиан және Якобиансыз жүргізілген сандық есептеулер нәтижелері берілген.
ТОПЫРАҚТАҒЫ ЖЫЛУ ЖӘНЕ ЫЛҒАЛ ТАСЫМАЛЫ ТЕҢДЕУЛЕРІНІҢ ТЕРМОФИЗИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Жарияланған December 2021
119
107
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Рысбайулы, Б. і Карашбаева, Ж. 2021. ТОПЫРАҚТАҒЫ ЖЫЛУ ЖӘНЕ ЫЛҒАЛ ТАСЫМАЛЫ ТЕҢДЕУЛЕРІНІҢ ТЕРМОФИЗИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 76, 4 (Груд 2021), 51–58. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-7901.07.