Үйкеліс - денелердің өзара әрекеттесуінің бір түрі. Үйкеліс екі дененің жанасуы кезінде пайда болады. Жанасатын қатты денелер беттерінің арасында әрекет ететін күштер құрғақ үйкеліс күштері деп аталады. Олар әрдайым жанасатын беттерге бағытталған және тыныштық үйкелісі, сырғанау үйкелісі және домалау үйкелісі
күштеріне бөлінеді. Үйкеліс күші үйкеліс процесі болған кезде денелердің қозғалысына әсер ететін көптеген факторларға тәуелді. Осыған байланысты үйкеліс күштерін сипаттау эмпирикалық жолмен табылған жуық
заңдардың көмегімен ғана мүмкін болады, олар көбінесе өрескел болып табылады. Тыныштық үйкеліс күші – тұрақсыз шама, ол нөлден ең жоғарғы мәнге дейін өзгеруі мүмкін. Денеге тыныштықтың үйкеліс күшінен асатын күш түссе, дене орнынан жылжып, қозғала бастайды. Мақалада үйкеліс күші қозғаушы күш ретінде жаңсақ түсіндірілетін қозғалыс мысалдары қарастырылған. Тыныштық пен домалау үйкеліс күштерінің табиғаты заманауи физикалық материалтану тұрғысынан талданған.
ҮЙКЕЛІС КҮШІ ҚОЗҒАУШЫ КҮШ БОЛУЫ МҮМКІН БЕ?
Жарияланған September 2020
319
220
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Касенова, Л.Г. , Жанбусинова, Б. і Сагынтаев, С. 2020. ҮЙКЕЛІС КҮШІ ҚОЗҒАУШЫ КҮШ БОЛУЫ МҮМКІН БЕ?. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 71, 3 (Вер 2020), 111–117. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-7901.15.