Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

ЯДРОЛЫҚ СӘУЛЕЛЕНУ ДЕТЕКТОРЛАРЫ ҮШІН КРЕМНИЙ МОНОКРИСТАЛЫНА ЕКІ ЖАҚТЫ ДИФФУЗИЯНЫҢ ОҢТАЙЛЫ РЕЖИМІ

Жарияланған June 2022

236

127

А.К Саймбетов+
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ.
Н.М. Джапашов+
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ.
М.К. Нұрғалиев+
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ.
Н.Б. Құттыбай+
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ.
Н.Ж. Қошқарбай+

Аңдатпа

Берілген жұмыс Si(Li) үлкен детекторларды жасау үшін кремний монокристалына литийдің екі жақты диффузиясының оңтайлы режимін табуға бағытталған. Жұмыста диффузия мәселесін шекаралық шарттармен сандық шешу арқылы литий атомдарының монокристалды кремнийге екі жақты диффузия процестерін модельдеу әдісі қолданылды. Қойылған мәселелерді модельдеу және шешу үшін MATLAB бағдарламалық ортасы қолданылды. Модельдеу барысында бастапқы материал ретінде p-типті орнығусыз монокристалды кремнийдің физикалық сипаттамалары таңдалды. Литийдің кремний монокристалына екі жақты диффузиясын модельдеу нәтижелері бойынша үлкен диаметрлі Si(Li) детекторларын алу үшін оңтайлы режим анықталды. Диаметрі ≥ 100 мм, сезімтал аймақтың қалыңдығы 4 мм-ден асатын детекторларды алу үшін 3 мин уақыт мезетінде оңтайлы температура 430-450 0C және литийдің ену тереңдігі hLi = 300 ± 10 мкм құрайды.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Саймбетов, А., Джапашов, Н., Нұрғалиев, М., Құттыбай, Н. і Қошқарбай, Н. 2022. ЯДРОЛЫҚ СӘУЛЕЛЕНУ ДЕТЕКТОРЛАРЫ ҮШІН КРЕМНИЙ МОНОКРИСТАЛЫНА ЕКІ ЖАҚТЫ ДИФФУЗИЯНЫҢ ОҢТАЙЛЫ РЕЖИМІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 78, 2 (Чер 2022), 82–86. DOI:https://doi.org/10.51889/2022-2.1728-7901.10.